ok

Жобалау.
Әр түрлі телекоммуникация нысандарына жоба әзірлеу.

Бәрін көрсету...


ТОБЖ-іне техникалық қызмет көрсету.
Желілік имараттарды 22.08.2002 жылғы «Бастапқы желілерді техникалық пайдалану ережелерінің» 3-бөлімінің техникалық нормалары мен талаптарына сәйкес қалпында ұстау

Бәрін көрсету...


Техникалық бақылау.
Бас мердігермен жеткізілетін төмендегідей материалдардың техникалық талаптарға, параметрлерге, жобалық құжаттамаға сәйкестілігіне, сертификаттарының бар екеніне және т.б. бақылау жүргізу.


ТОБЖ құрылысы.

Бәрін көрсету...

«ВОЛСПроект Строй» ЖШС құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олар жалпы ұзақтығы 15 898 км. магистральді ТОБЖ құрылысының техникалық бақылауын табысты жүргізді:  

- Алматы – Тараз- Шымкент; 
- Астана – Қарағанды- Алматы;
- Шымкент –Қызылорда –Жезқазған- Қарағанды;
- Астана-Көкшетау-Петропавл;
- Шымкент- Өзбекстан шекарасы;
- Қордай-Қырғызстан шекарасы;
- Карағанды – Павлодар – Өскемен – Семей - Рессей шекарасы;  
- Көкшетау – Новоишим - Пресногорьковская, Новоишим – Қостанай;
- Астана – Павлодар – Семей - Ақтоғай;
- Шу – Арыс - Сарыағаш, Арыс-Қандыағаш;
- Петропавл-Қостанай- Ақтобе;
- Ақтобе-Орал;
- Орал- Атырау;
- Қызылорда- Байқоңыр;
- Байқоңыр- Шалқар- Ақтобе;
- Атырау-Қандыағаш;
- Қордай–Қырғыз шекарасы;
- Өскемен-Қорғаз;

Және Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Ақсай, Байқоныр, Атырау, Өскемен қалаларында ұзақтығы 621 км. жергілікті ТОБЖ құрылысы.

ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

  • Бас мердігермен жеткізілетін төмендегідей материалдардың техникалық талаптарға, параметрлерге, жобалық құжаттамаға сәйкестілігіне, сертификаттарының бар екеніне және т.б. бақылау жүргізу:
    - талшықты-оптикалық кабель;
    - қорғаушы полиэтилен құбыры;
    - металлизацияланған сигнал лентасы;
    - оптикалық жалғастырғыштар;
    - оптикалық кростар;
    -талшықты-оптикалық кабельді, қорғаушы полиэтилен құбырын, металлизацияланған сигнал лентасын, оптикалық жалғастырғыштарды, оптикалық кростарды жинақтауға арналған жинақтағыш материалдар; 
      
  • Бас мердігерде (қосалқы мердігерде) жүргізілетін құрылыс-жинақтау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу лицензияларының бар екеніне бақылау жүргізу; 
  • Жұмыс өндірісі жерлерінде құрылыс учаскесі бойынша бекітілген жобалық құжаттаманың бар екенін тексеру;  
  • Жұмыс өндірісі жерлерінде ТОБЖ төсеуге рұқсат құжаттарының бар екенін тексеру – шешімдер, рұқсаттар, келісімдер, шарттар және т.б.;   
  • Құрылыс техникасының, механизмдердің, құрылғылардың, аттестацияланған мамандардың – механизацияланған құрылыс колонналарының құрамындағы прорабтардың, шеберлердің, бригадирлердің бар екенін және орындалатын жұмыстарға сәйкестілігін тексеру; 
  • ТОБЖ магистраліндегі жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуіне техникалық бақылау өкілдерінің тұрақты бақылау жасауын қамтамасыз ету;  
  • Трассаны дайындау, грунтты бекіту, ПЭҚ және сигнал лентасын төсеу тереңдігі және жинақтау, КОД қондырғысының қазандығын дайындау және ТОК-ді үрлеу бойынша технологияның және жұмыстардың жүргізілу сапасын бақылау, жасырын жұмыстар актілерін тексеру және оларға қол қою;   
  • ТОК-ді үрлеу технологиясын, оптикалық жалғастырғыштарды, ODF-ті жинақтауды және орнатуды, ODF пен жалғастырғыштардағы дәнекерлеу мен ОТ өлшеулердің жүргізілуін, жалғастырғыштарды жинақтағаннан кейін ТОК жинақталған учаскелерін өлшеулерді, ЭКУ-дағы ОТ өлшеулерін бақылау;             
  • Жинақталған ЭКУ-дың қабылдау-тапсыру құжаттамасының паспорттары мен хаттамаларының орындалу сапасын тексеру;   
  • ЭБЖ, ТП тіректерін, сым аспаларын, кабельдерін, контейнерлерге жүргізілетін энергия кірмесін орнату бойынша жүргізілетін жұмыстардың технологиясы мен сапасын, өлшеулерді, тапсыру құжаттамасын ресімдеуді бақылау;   
  • Қорғаушы жерлендіру контурларын орнату орнату бойынша орындалған жұмыстардың технологиясы мен сапасын, өлшеулерді, тапсыру құжаттамасын ресімдеуді бақылау;   
  • Туындаған мәселелерді шешу жолдарын анықтай және көрсете отырып, құрылыстың барысы туралы ағымдағы ақпараттық-аналитикалық материалдарды ұсыну; 
  • Бүкіл қабылдау-тапсыру және ағымдағы құжаттаманы ревизиялай, қабылдай және тапсыра отырып, орындалған жұмыстардың сапасын ревизиялап тексеру;   
  • Сәйкессіздіктерді дер кезінде анықтау, оларды дәлелді сипаттау және түзету жолдарын көрсете отырып, құрылыс қатысушыларына жедел хабар беру; 
  • Мердігердің жобалық-сметалық құжаттамаға қатысты ескертулерімен жұмыс істеу. Жобалық шешімдерді өзгерту, жұмыс сызбаларын, сметаларды түзету бойынша Тапсырыс берушімен және Жобалау институтымен жұмыс істеу;
  • Тапсырыс берушіге төмендегілер туралы хабар беру: - есепті кезеңде орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі туралы;
    - құрылыс басталғалы бері орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі
    туралы;
    - орындалуы тиіс құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі туралы (ҚЖЖ қалдығы);
    - Жалпы құрылыс нысаны бойынша, келісілген формада, нақты нысанға қатысты;
     
  • Тапсырыс берушімен және Мердігермен бірлесіп қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу, нысанды пайдалануға қабылдау туралы барлық қажетті актілерді ресімдеу;   
  • Жобаның орындалу барысының ақпараттық қамсыздығы мен детальді мониторингі.
Бас бет | Компания туралы | Біздің клиенттер | Біздің байланысымы
© 2013 VOLSProekt Stroy. All Rights Reserved
Создание сайтов ЕкатеринбургШаблоны сайтовПоиск товаров - справочник цен, каталог магазинов, прайс-листыБесплатные шаблоны дизайна сайтов на тему связи