Компания туралы

2009 жылы құрылған сәттен бастап біздің компания телекоммуникация саласында қызмет көрсетеді. Компания штатында 310-нан астам маман жұмыс істейді.
Қазақстанның барлық өңірлерінде 17 ТҚКО (техникалық қызмет көрсету орталығы) бар.

Біздің қызметтер

Компанияның құрылыс-монтаж жұмыстарына және арнайы жобалау, құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізу құқығымен жобалау қызметіне II санатты мемлекеттік лицензиялары бар
  • ТОБЖ төсеу бойынша құрылыс жұмыстарын «кілтін тапсыра» орындау (магистральдық, қалаішілік);
  • Байланыс желілері мен телекоммуникация нысандарын жобалау, авторлық қадағалауды қоса алғанда;
  • Байланыс желілері мен нысандарының құрылысын техникалық қадағалау;
  • Байланыс желілері мен желілік-кабельдік құрылыстарды жөндеу, оларға қызмет көрсету және реконструкциялау жұмыстары;
  • Бизнес-серіктестерге сату және абоненттерді интернет желісіне қосу бойынша қызметтер (B2C). B2C негізгі бағыты — 16 қаладағы абоненттерді интернет желісіне қосу, осы жоба бойынша жалпы штат шамамен 560 адам, бұл бағытта біз 140 000-нан астам абонентті қостық және оларға қызмет көрсетеміз;
  • 2010 жылдан бері ҚР аумағында кең жолақты қолжетімділік желісін салу жұмыстары. Бүгінгі күні 3 700 ҰҚН (ұжымдық қолжетімділік нүктесі) салынды;
  • Климаттық (кондиционерлік) жабдықтар мен жүйелерді, желдету жүйелері мен жабдықтарын жобалау, монтаждау және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер
  • Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) және серверлік бөлмелердің инженерлік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
  • Дизель-генераторлық қондырғыларға қызмет көрсету;
  • Телекоммуникация инфрақұрылымы нысандарына қызмет көрсету, оның ішінде желіні және белсенді жабдықты қашықтан басқару жүйелерін монтаждау және баптау, инфрақұрылым нысандарындағы ҮҚК мен АКБ-ға техникалық қызмет көрсету;

Біздің клиенттер