"ВОЛСПроект Строй" компаниясы

Телекоммуникация және бизнеске арналған инженерлік шешімдер саласындағы Қазақстанның жетекші мердігерлерінің бірі

2009

құрылған жылы

310+

штаттағы маман

18

ҚР бойынша техникалық қызмет көрсету орталығы

II

мемлекеттік лицензиялар санаты

 

Негізгі қызмет бағыттары

  • Талшықты-оптикалық байланыс желілерін «кілтін тапсыра» салу (магистральдық және қалаішілік)
  • Телекоммуникация нысандарын жобалау және авторлық қадағалау
  • Байланыс желілерін техникалық қадағалау және оларға қызмет көрсету
  • Кең жолақты қолжетімділік желілерін салу
  • Климаттық және желдеткіш жабдықтарын жобалау және монтаждау
  • Деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) мен серверлік бөлмелерді жобалау, салу және оларға қызмет көрсету
  • Кіруді бақылау, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйелерін монтаждау
  • Дизель-генераторлық қондырғылар мен инженерлік инфрақұрылымға қызмет көрсету
  • Ұялы байланыс операторларына арналған базалық станцияларды жобалау және монтаждау
  • Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары және нысандарды тәулік бойы энергиямен жабдықтау
  • Мамандандырылған компьютерлік жабдықты жеткізу және енгізу

Біздің клиенттер

«Кар-Тел» ЖШС (Beeline) · «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Altel/Tele2) · «Қазақтелеком» АҚ · «Қазақмыс» ЖШС · «ForteBank» АҚ · «TNS Plus» ЖШС · «Қазтелерадио» АҚ · «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ · «ЗАМЛЕР ҚАЗАҚСТАН» ЖШС және басқа да көптеген компаниялар

II санатты мемлекеттік лицензиялар

құрылыс-монтаж жұмыстарына және арнайы жобалау, құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізу құқығымен жобалау қызметіне:

1. Инженерлік желілер мен жүйелерді орнату, оның ішінде күрделі жөндеу және реконструкция:

  • Электрмен жабдықтау желілері және сыртқы электр жарығын, ішкі электр жарығы мен электр жылыту жүйелерін орнату
  • Суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, тұрмыстық, өндірістік және нөсер ағындарының орталықтандырылған кәрізі желілері, ішкі су құбыры, жылыту және кәріз жүйелерін орнату
  • Жоғары және орташа қысымды газбен жабдықтау, тұрмыстық және өндірістік төмен қысымды газбен жабдықтау желілері, ішкі газбен жабдықтау жүйелері

2. Технологиялық жабдықты монтаждау, мыналарға байланысты іске қосу-баптау жұмыстары:

  • Театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы нысандар
  • Байланыс, апатқа қарсы қорғаныс, бақылау және дабыл жүйесі, көліктегі, электр энергетикасы мен сумен жабдықтау нысандарындағы және өзге де тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы бұғаттау, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптары
  • Гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру

3. Желілік құрылыстарды төсеу бойынша арнайы құрылыс және монтаж жұмыстары, оның ішінде күрделі жөндеу және реконструкция:

  • Республикалық және халықаралық байланыс және телекоммуникация желілері
  • Кернеуі 35 кВ-қа дейінгі және 110 кВ және одан жоғары магистральдық электр беру желілері
  • Топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде:
  • Негіздерді орнату

4. Ғимараттар мен құрылыстардың (оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, туннельдер мен жол өтпелерінің, өзге де жасанды құрылыстардың) көтергіш және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызу, оның ішінде нысандарды күрделі жөндеу және реконструкциялау:

  • Монолитті конструкцияларды орнату, құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен қалқаларды дана элементтерден қалау және ойықтарды толтыру
  • Шатыр жұмыстары
  • Түтін құбырлары, силос құрылыстары, градирнялар, шахта үсті копрлары
  • Металл конструкцияларын монтаждау
  • Мұнара және діңгек типтегі құрылыс конструкцияларын, түтін құбырларын монтаждау.

5. Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, оның ішінде:

  • Әлсіз ток құрылғыларының ішкі жүйелері (телефондандыру, өрт-күзет дабылы), сондай-ақ олардың сыртқы желілері
  • 0,4 кВ-қа дейін және 10 кВ-қа дейін ішкі және сыртқы электр жарығы, электрмен жабдықтау жүйелері
  • Ішкі жылыту (электрлік жылытуды қоса алғанда), желдету, кондиционерлеу, суықпен жабдықтау, газдандыру (төмен қысымды газбен жабдықтау) жүйелері, сондай-ақ олардың қосалқы нысандары бар сыртқы желілері
  • Ішкі су құбыры (ыстық және суық су) және кәріз жүйелері, сондай-ақ олардың қосалқы нысандары бар сыртқы желілері
  • Өндірістік мақсаттағы нысандарды, оның ішінде мұнара және діңгек типтегі конструкцияларды, көлік, байланыс және коммуникация инфрақұрылымы нысандарын, соның ішінде республикалық және халықаралық байланыс желілеріне (спутниктік желілерді қоса алғанда) және телекоммуникацияның өзге түрлеріне, жергілікті байланыс желілеріне, радио- және телекоммуникацияларға қызмет көрсету нысандарын технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу)
  • Қала құрылысын жобалау (тарихи құрылыс аудандарын қала құрылысы тұрғысынан оңалтуды жобалау құқығымен, тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда) және жоспарлау.