Мол тәжірибесі мен қаржылық мүмкіндіктері бар Компания қызметтердің мынадай түрлерін ұсынады:
- Талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу бойынша құрылыс жұмыстарын «кілтін тапсыра» орындау (магистральдық, қалаішілік);
- Байланыс желілері мен телекоммуникация нысандарын жобалау, авторлық қадағалауды қоса алғанда;
- Байланыс желілері мен нысандарының құрылысын техникалық қадағалау;
- Байланыс желілері мен желілік-кабельдік құрылыстарды жөндеу, оларға қызмет көрсету және реконструкциялау жұмыстары;
- Бизнес-серіктестерге сату және абоненттерді интернет желісіне қосу бойынша қызметтер (B2C). B2C негізгі бағыты — 16 қаладағы абоненттерді интернет желісіне қосу, осы жоба бойынша жалпы штат шамамен 560 адам, бұл бағытта біз 140 000-нан астам абонентті қостық және оларға қызмет көрсетеміз;
- 2010 жылдан бері ҚР аумағында кең жолақты қолжетімділік желісін салу жұмыстары. Бүгінгі күні 3 700 ҰҚН (ұжымдық қолжетімділік нүктесі) салынды.
- Климаттық (кондиционерлік) жабдықтар мен жүйелерді, желдету жүйелері мен жабдықтарын жобалау, монтаждау және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер;
- Деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) және серверлік бөлмелерді салу және жобалау;
- Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) және серверлік бөлмелердің инженерлік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету;
- Кіруді бақылау және басқару жүйесін (КББЖ), өрт сөндіру және бейнебақылау жүйелерін монтаждау және оларға қызмет көрсету;
- Дизель-генераторлық қондырғыларға қызмет көрсету;
- Телекоммуникация инфрақұрылымы нысандарына қызмет көрсету, оның ішінде желіні және белсенді жабдықты қашықтан басқару жүйелерін монтаждау және баптау, инфрақұрылым нысандарындағы ҮҚК мен АКБ-ға техникалық қызмет көрсету.
- Ұялы байланыс операторларына арналған базалық станцияларды жобалау және монтаждау.
- Электр монтаждау жұмыстары.
- Базалық станцияларға, мұнаралар мен антенна-діңгек құрылыстарына техникалық қызмет көрсету, оның ішінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары, соның ішінде желіден электр қуаты өшкен кезде нысандарды 24/7/365 режимінде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету; компанияның жеке жедел басқару орталығы (ЖБО) бар.
- Антенна-діңгек құрылыстарын салу жұмыстарын «кілтін тапсыра» орындау.
- Тапсырыс берушінің жабдығымен біріктірілген, шағын қуатты станцияларды өрістетуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді жеткізу, монтаждау және іске қосу-баптау.
- Кәсіпорынның АТ жүйелері мен инфрақұрылымына диагностика жүргізу.
- Компьютерлік жабдықтарды (өнеркәсіптік ЭЕМ, қорғалған ноутбуктер, мамандандырылған серверлер және т.б.) және басқа да мамандандырылған кеңсе техникасын жеткізу.